Шымкентте мопед мінген курьер қоршауға соғылып, қаза болды
Шымкентте 26 сәуір күні таңғы сағат 4:30 шамасында курьер жол апатынан қаза болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желтоқсан көшесінің бойымен келе жатқан мопед жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жеке тұрғын үйдің темір қоршауына соғысқан.
Оқиға салдарынан ер адам жедел жәрдем келгенше сол жерде жан тапсырған.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.
"Бұл факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деләнген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда полиция қызмет көлігінің жолдың қарама-қарсы бағытына кенет бұрылып, мопед жүргізушісін қағып кеткені туралы жазған едік. Оқиға видеосы желіде жарияланды. Видео кадрларында полицияның қызмет көлігінің күтпеген жерден қарама-қарсы бетке жылдамдықпен бұрылғаны көрсетілген. Салдарынан ол жол бағытына шыққан мопед жүргізушісін қағып кеткен.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы