Шымкентте күйеуін тапсырыспен өлтірген келіншекке сот үкімі шықты
Шымкентте өз күйеуін тапсырыспен өлтірген келіншек сотталды. Қаладағы мектептердің бірінде психолог болып жұмыс істеген ол жолдасының көзін құрту үшін 1 миллион теңгеге туған жиені арқылы "киллер" жалдапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаскөй ер адамды жұмыстан қайтып келе жатқанда 5 жерінен пышақтаған. Бірнеше мәрте сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде, қылмыскерлердің барлық іс-әрекеттері дәлелденіп, ұзақ жылға түрмеге жабылды.
"Азаматша Д. Т. Т қылмыстық кодекстің 16 шілде 1997 жылғы нұсқасы бойынша, 28 бабының 3-ші бөлігі, 96 бабының 2-ші бөлігіне сәйкес кінәлі деп тауып, оған 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қолданды. Ал, Тілеубергенов Жеңіс қылмыстық кодекстің 1997 жылғы нұсқасы бойынша 96 бабының 2-ші бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Оған осы аталған қылмысты жасағаны үшін 16 жыл мерзімге бос бостандығын айыру жазасы тағайындалды", - деді судья Сәмиддин Темірәлиев.
- Қызы әкесін өлтіру үшін 8 млн теңгеге киллер жалдаған
- Басы қатты ауырған: Тұрмыс құрғанына небәрі 4 күн болған келіншек күйеуін орақпен шауып өлтірді (фото)
Ал тапсырысты орындаушы адамды тапқаны үшін келіншектің жиені 7 жылға сотталған.
Айта кетейік, бұл оқиға 2012 жылы болған. Ерлі-зайыптылар арасында жиі жанжал туындай берген соң,
жұбайы күйеуін өлтірткен. Алайда ауыр қылмыс 8 жыл дегенде ашылған. Оның өзінде әлгі әйелдің жиені қаза тапқан жездесін жиі-жиі түсінде көре берген соң, полицияға өзі барып мойындаған екен. Бұл аралықта тапсырыс беруші келіншек жәбірленуші ретінде өтіп жүрсе, "киллер" мұнан бөлек тағы 2 адамды өлтіргені үшін түрмеде отырған. Ерлі-зайыптылардың 2 қызы бар.