Қызы әкесін өлтіру үшін 8 млн теңгеге киллер жалдаған

Әкесін өлтіруді жоспарлап, орындаушыға 1,5 миллион рубль (8 млн теңге) ұсынған Мәскеу тұрғыны ұсталды.

киллер

Бұл туралы Ресейдің ішкі істер министрлігінің Мәскеу облысы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Татьяна Петрова айтты.

Оның сөзіне қарағанда, 47 жастағы Мәскеу тұрғыны қастық қатынастарға байланысты және мүлікті бөлу мақсатында әкесін өлтірмек болған.

«Тапсырысты орындағаны үшін ол 1,5 миллион рубль (8 млн теңге) көлемінде сыйақы ұсынды», - деп түсіндірді Татьяна Петрова.

Департамент өкілі әйелдің ақшаның бір бөлігі аударылғаннан кейін полиция оны ұстағанын атап өтті.

Мәскеу облысы бойынша Ресейдің мемлекеттік бақылау кеңесі басшысының аға көмекшісі Ольга Врадий әкесін өлтірмек болған тұрғынға айып тағылғанын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр