Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басы қатты ауырған: Тұрмыс құрғанына небәрі 4 күн болған келіншек күйеуін орақпен шауып өлтірді (фото)

Үндістанның 23 жастағы тұрғыны Синки Деви үйлену тойынан 4 күн өткен соң өзінің күйеуі 30 жастағы Равиндра Сингхті мойнын орақпен кесіп өлтірді.

Басы қатты ауырған: Тұрмыс құрғанына небары 4 күн болған келіншек күйеуін орақпен шауып өлтірді (фото)

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Равиндра Сингхтің анасы түнгі уақытта ұлының жатын бөлмесінде айқайлағанын естіген. Әйел жатын бөлмеге жүгіріп барып, есігін қаға бастапты. Алайда Синки Деви оны 10 миунт бойы бөлмеген кіргізбей қойған. Ал анасы бөлмеге кірген кезде, ұлының төсекте қан-жоса болып жатқанын көріпті. Осы кезде ол отбасының басқа мүшелерін көмекке шақырған. Өз кезегінде олар  Равиндраны ауруханаға жеткізіпті. Алайда дәрігерлер ер адамның өлімін тіркеді.

Басы қатты ауырған: Тұрмыс құрғанына небары 4 күн болған келіншек күйеуін орақпен шауып өлтірді (фото)

Ал Синки Деви күйеуін өлтіргені үшін бірден тұтқындалды.

Жауап алу кезінде әйел күйеуін орақтың көмегімен өлтіргенін айтты. Әйел өзінің әрекетін басынының қатты ауырғандығымен түсіндірген. Айтуынша, күйеуіне ешқандай шағымы жоқ.

Әзірге тергеу амалдары жалғасып жатыр. Девиге қандай жаза тағайындалатыны әзірге белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау