Алматыда тұрғын үйдің жертөлесінен полиэтилен пакетке оралған ер адамның мәйіті табылды

Алматыда тұрғын үйдің жертөлесінен полиэтилен пакетке оралған ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, мәйіт Түрксіб ауданында табылған.
“Полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйдің жертөле бөлмесінен полиэтиленге оралған ер адамның мәйітін тапты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы бірден жіберілді. Қаза тапқан адамның жеке басы анықталды”, – делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам үйлер мен пәтерлерді жөндеу жұмыстарымен айналысқан және қайғылы оқиға болған күні сол үйде жұмыс істеп жүрген.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам үйлер мен пәтерлерді жөндеу жұмыстарымен айналысқан және қайғылы оқиға болған күні сол үйде болған.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері үй иесін ұстады. Үй иесінің айтуынша, ер адам белгісіз жағдайда өлімге әкелетін жарақат алған.
Үй иесі оқиға туралы шұғыл қызметтерге хабар берудің орнына, мәйітті жертөле бөлмесіне жасырып қойған.
Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама мен кешенді сот сараптамалары тағайындалған.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында қараусыз ғимараттан ер адамның мәйіті табылғаны туралы жазған едік. Қылмысқа күдікті ретінде 9-сынып оқушысы ұсталды.
Астанада ер адам жолға таласып, әйелді соққыға жыққан: Ол ауруханадан бір-ақ шықты
Оқыңыз