Актер Мұрат Бисембиннің қызы сәби күтіп жүр

Марқұм танымал актер Мұрат Бисембиннің қызы Диана Болатова сәби күтіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты жаңалықты өнер иесінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол алдымен видео жариялап:
”Көптен күткен сәбиімізді асыға күтіп жүрміз” деп жазба қалдырған.
Кадрлардан олар “Ана” және “Әке” деген жазуы бар бас киім киіп, УДЗ суретін ұстап тұрғанын байқауға болады.
Блогердің оқырмандары мен әкесінің өнердегі әріптестері оны жарыса құттықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Диана Болатова қалыңдық атанғаны хабарланған еді. Өнер иесінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында той көйлегін киіп күйеу жігітімен түскен суреттерін жариялады. Ал жазбасына сақина смайлигін қалдырған.
Айта кетейік, Диана Болатованың бұған дейін жарияланған суреттерінен оның сүйіктісі марқұм актермен жеке таныс екенін байқауға болады. Парақшада актер мен күйеу жігіттің бірге жүрген кадрлары көп. Ал актердің қызының таңдауы – танымал спортшы Мұхаммед Расул. Ол – Қазақстан регби ұлттық құрамасының капитаны.
Алайда кейбір желі қолданушылары актердің қызының қуанышты жаңалығын жылы қабылдай қоймады. Олар актердің өмірден өткеніне бір жыл толмағанын айтып, тойға әлі ерте деп жазды.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Оқыңыз