Қазақстанда 1–4 сынып оқушыларына арналған математика бағдарламасы өзгереді

Қазақстанда 1-4-сынып оқушыларына арналған математика бағдарламасы өзгереді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, оқу бағдарламаларының мазмұны кешенді түрде қайта қаралады.
Бастауыш сыныптарындағы өзгерістердің негізгі мақсаты – оқу жүктемесін оңтайландыру, оқу материалының сабақтастығын қамтамасыз ету және оқушылардың оқу, жазу, математикалық әрі функциялық сауатының берік негізін қалыптастыру.
“Атап айтқанда, 1-4-сыныптарға арналған "Математика" пәні бойынша 244 оқу мақсаты толық қайта қаралды. Олардың ішінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін бірқатар мақсат алынып тасталды, ал кейбірі жоғары сыныптардың бағдарламасына ауыстырылды. Сонымен қатар пәннің практикалық бағыты күшейтіліп, күрделі теориялық тақырыптардың көлемі қысқартылды. Оқу жылының басы мен соңында өткен материалды қайталауға арналған бөлімдер енгізілді", – деді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова министр.
Оның айтуынша, бірінші сынып оқушылары үшін бейімделу кезеңі енгізіледі. Бұл мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың оқу процесіне жеңіл бейімделуіне және санау, оқу мен жазу дағдыларын біртіндеп меңгеруіне мүмкіндік береді.
"Тілдік пәндердің мазмұны да айтарлықтай жаңартылды. Әліппеге дейінгі кезең 12 сағатқа дейін ұзартылды. “Әліппе” пәнін оқытуға 84 сағат бөлінді, ал “Ана тілі” пәні екінші жартыжылдықта 102 сағат көлемінде оқытылады.
ОқыңызСондай-ақ министрі оқу бағдарламаларында ауызша сөйлеу мәдениетін, мәтінді түсіну қабілетін, оқу сауаттылығын және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар күшейтілгенін атап өтті.
Бұған дейін 1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептерге жаңа пәндер енгізілетіні туралы жазған едік. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан мектептерге "Конституция негіздері" және "Қазақстан географиясы" екі жаңа пән енгізілетінін мәлімдеді. Министр жаңа оқу жылынан бастап білім беру мазмұны бірқатар жаңа міндетті оқу курстарымен толықтырылатынын айтты.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді