Қазақстан оқушылары енді жыныстық қатынас туралы көбірек біледі

Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева депутаттардың биология оқулықтарына өзгерістер енгізу туралы жолдаған сауалына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттар өз сауалында биология оқулықтарына өзгерістер енгізу, сондай-ақ 7-9-сынып оқушылары үшін жыныстық тәрбие мен салауатты өмір салты бойынша міндетті модульдер немесе сабақтар әзірлеу мәселесін көтерген.
“Бұл тақырыптар биология пәнінің қолданыстағы оқу бағдарламасында қарастырылған. Атап айтқанда, онда репродуктивті денсаулық, адам физиологиясы және салауатты өмір салты мәселелері қамтылған”, – деп жауап берді Аида Балаева.
Бұл тақырыптар "Көбею, тұқымқуалаушылық, өзгергіштік және эволюциялық даму" бөліміне енгізілген және 25 оқу мақсатын қамтиды.
Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанынан орта білім беру мазмұнын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылған.
Жұмыс тобы "Адам физиологиясы және денсаулығы", "Репродуктивті денсаулық және гигиена", сондай-ақ "Экология негіздері және тұрақты даму" бағыттарын күшейтуге қатысты ұсыныстарды қарайды.
Бұған дейін бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасы жеңілдейтіні туралы жазған едік. Бастауыш сыныптарындағы өзгерістердің негізгі мақсаты – оқу жүктемесін оңтайландыру, оқу материалының сабақтастығын қамтамасыз ету және оқушылардың оқу, жазу, математикалық әрі функциялық сауатының берік негізін қалыптастыру.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Оқыңыз