Шымкентте көліктерге жалған нөмір жасаумен айналысқан цех анықталды
Шымкентте көліктерге жалған мемлекеттік нөмір жасайтын цех анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото бейнежазбадан алынған
Шымкент-Самара тасжолында жалған нөмір тағып ұсталған Нива қожайынының соңынан түскен түркістандық полицейлер тіркеуде жоқ нөмірлерді жасап жүрген цехты басшысымен қоса ұстапты.
Цех қожайыны ғимараттың қабырғаларына дейін өтірік нөмірлерді жабыстырып тастаған. Тінту кезінде шеберхана ішінен 103 дана нөмірлік белгі, жүзден астам голограммалық жапсырмалар мен нөмір жасауға арналған станок табылған. Жасанды нөмірлердің сырт көзге заңды нөмірден айырмашылығы жоқ.
Заңсыз кәсіппен айналысқан азамат тергеушілерге жауап беруде. Қазір оның бұл жұмысты қашан бастағанын, неше жалған нөмірді қанша теңгеге сатқанына дейін анықталып жатыр.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр