Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте кәсіпкер есепке алынбаған 81 тонна спиртті суррогат алкоголь өндірушілерге сатпақ болған

Шымкентте спирт зауытының басшысы суррогат алкоголь өндірушілеріне 81 тонна спирт сатпақ болған. Ұсталған соң ол Қаржы мониторингі агенттігі қызметкеріне 20 мың доллар көлемінде пара ұсынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Мұны қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері спирт зауытының қызметін тексеру барысында анықтаған.

Ведомство есепке алынбаған спиртті суррогат алкоголь өнімін өндіру қызметімен айналысатын адамдарға сатылғанын жеткізді.

"Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарды орындау шеңберінде мерекелік демалыс күндері (сенбі және жексенбі) есепке алынбаған спиртті заңсыз тиеп-жөнелту мән-жайлары белгіленді. Бұл этил спиртін сақтау және өткізу ережесін бұзу фактілеріне жатады. (ҚР ҚМ 20.02.2015 ж."этил спиртін сақтау және өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдау) ережесін бекіту туралы” бұйрығында бар)”, – делінген хабарламада.



Спирт зауытының басшысы жауапкершіліктен құтылуға тырысып, Шымкент қаласы бойынша Қаржы маниторингі агенттік департаментінің қызметкеріне 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара ұсынған. Сондай-ақ, ол алкогольді заңсыз сатумен және қылмыстық жауапкершілікке тартпаумен байланысты жалпы қамқорлығы үшін ай сайын 1 миллион теңге уәде еткен.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр. 

Талқылау