Таиландтан Астанаға пошта арқылы есірткі алдырмақ болғандар қамауға алынды
Әлдекімдер Таиландтан Астанаға пошта арқылы аса ірі көлемде есірткі жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Қаржы мониторингі агенттігі "Әуежай-Астана" кеден бекеті мен "DHL" курьерлік компаниясының қызметкерлерімен бірлесіп, есірткіні анықтады.
“Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен "DHL" уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде кедендік бақылау аймағында халықаралық поштадан 3 қорап табылды. Олардың ішінде жалпы салмағы 3,5 келі каннабис сығындысы болған. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында төрт күдікті анықталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді. 787 грамм марихуана және есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажет басқа да заттар тәркіленді”, – делінген ведомоство хабарламасында.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Төрт күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қаржы мониторингі басқа ақпаратты мәлімдеуден бас тартты.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
