Қаланың бас санитар дәрігері Шымкенттегі карантин шектеулерін ұзартты
Шымкенттің бас санитар дәрігері қалада карантин мерзімін ұзарту туралы қаулы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас санитар дәрігердің бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адамдар көп жиналатын туған күн, мерейтой, құдалық, той, беташар және басқа кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.
Сонымен қатар, 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектеліп, маскалық режим сақтау міндетеледі.
Қоғамдық тамақтандыру нысандарының жұмыс кестесі қысқартылды. Кафелер мен мейрамханалар қонақтарды таңғы сағат 7-ден түн ортасына дейін, Ashyq жобасының қатысушылары - түнгі 2-ге дейін қабылдайды. Театрлар, кинотеатрлар, концерттік залдар, филармонияларда залдағы адам саны 20%-дан, Ashyq қатысушылары үшін 40%-дан аспауы тиіс.