Шымкентте қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін тыйым салынған ұйымның үш жақтасы сотталды
Елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" партиясының үш қолдаушысы қаңтар оқиғалары кезіндегі тәртіпсіздікке қатысқаны үшін түрме жазасына кесілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуратурасының бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

“Сол күндері жаппай тәртіпсіздіктерге Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ мен Көше экстремистік ұйымының жақтастары белсене қатысты. Шымкентте сот үкімімен тыйым салынған ұйымның үш жақтаушысы үш жылға бас бостандығынан айырылды”, – деді ол.
- Бас прокуратура: Қаңтар оқиғасы бойынша 545 адам сотталды
- Бас прокуратура қаңтар оқиғалары бойынша тергеу жұмыстарына араласқысы келетіндердің жауапқа тартылатынын ескертті
Елдос Қилымжанов ер азаматтардың жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырғанын, сонымен қатар қала әкімшілігінің ғимаратына шабуыл жасап, әрі қарай тәртіпсіздіктерге ұласқанын және мемлекет мүлкіне нұқсан келтіргенін айтты.
Әзірге соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді