Шымкентте із-түссіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылды
Фото: depositphotos.com
Шымкентте бір апта бұрын із-түссіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қала көшесінде жатқан марқұмның денесін тұрғындардың бірі көріп, полиция шақыртқан. Полиция күдіктіні бірден тауып, қамауға алды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
“Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғынын өлтіру жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде”, – деді Шымкент қаласы полиция департаменті басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Мырзагелдиев.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген қызын азаптап өлтіріп, мәйітін қорлағаны туралы жазған едік.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Баян-Өлгей аймағында не болып жатыр
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
Қазақстанда клининг мамандығы колледждерде ашылмақ: Болашақ мамандар қайда оқиды
Оқу ағарту министрлігі клининг мамандықтарын оқыту жоспарда бар екенін хабарлады