Шымкентте ірі тұрғын үй кешенінде өрт шықты
Шымкентте ірі тұрғын үй кешенінде өрт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“18 желтоқсанда сағат 14.10-да Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қонаев даңғылы, 91 ("Биік" тұрғын үй кешені – ред.) үйінде өрт шыққаны туралы хабарланды. Тұрғын үйдің 10-қабатында 17 шаршы метр аумақта ас үй мен лоджия өртенді. Өрт сағат 14.48-де сөндірілді. Баспалдақдың көмегімен екі адам құтқарылды. 50 адам баспалдақ арқылы өздігінен эвакуацияланды”, –деп мәлімдеді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"