Шымкентте ер адам көшенің ортасында әйелін соққыға жықты (видео)
Әлеуметтік желіде ер адамның Шымкент қаласы көшелерінің бірінде әйел азаматшаны балағаттап ұрып жатқан бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиғаға қатысты Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына "102" арнасына куәгерден хабарлама түскен.
Аталған жайт бойынша оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы жеткен. Тексеру кезінде отбасылық жағдайға байланысты ерлі-зайыпты ұрсысып қалып, күйеуінің оны ұрғаны анықталды.
- "Қаланың қақ ортасында шошқа бағып отыр": Шымкентте зейнеткер көршісінің үйін жарып жіберемек болған
Алайда әйел күйеуіне қатысты қояр ешқандай арыз-шағымы жоқ екенін айтқан.
Полиция қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, азаматшаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күйеуіне "қорғау нұсқамасы" берілді. Бұндай әрекет қайталанған жағдайда азамат әкімшілік қамауға алынады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар