Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаланың қақ ортасында шошқа бағып отыр": Шымкентте зейнеткер көршісінің үйін жарып жіберемек болған

Шымкенттік зейнеткер көршілерінің үйінің алдында газ балонын жарып жіберемін деп қорқытқан. Ер адам мұндай шарасыз қадамға үй жанындағы шағын ферманың кесірінен барған, айтуынша бұл ферма өзінің де отбасының да өмірін улап жатыр. 69 жастағы Махмұджан Шотырев екі сағатқа жуық уақыт бойы көршілерін үрейде ұстаған. Оның қолында газ оттығы болған, сондықтан баллон кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін еді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

газ баллон 2022

Ер адам ұзақ жылдар бойы ауласында мал бағып келе жатқан көршілерінің үйіне де, өзіне де зиян келтіремін деп қорқытқан. 

"Маған қараңыздаршы, мен нашақордан да бетер болдым. Түсінесіз бе, қолдарымның бәрі уколдан көгеріп кетті. Мен қиналып жүрмін, менде аллергиялық астма бар. Енді немерелерім де талмаға ұшырап жатыр. Қаланың қақ ортасында елу шошқаны қалай бағуға болады?! Иісінің өзі, демалуға мұрша жоқ, желдеткіш те көмектеспейді. Біз мұнымен бес жарым жыл күресіп келеміз", - дейді зейнеткер Махмұджан Шотырев.

Біраз уақыттан кейін полицейлер тұрғынның қолындағы жарылғыш баллонын залалсыздандырған. Ал зейнеткердің өзі аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Зейнеткерді қолдауға көршілері де шыққан. Айтуларынша, бес жылдан бері түрлі құзырлы орындарға арыз-шағымдар түсіріп келген.

"Сасық иіс, демалу мүмкін емес, терезені де аша алмаймыз. Үйінде шаяндар, тарақандар, егеуқұйрықтар жүреді, бұған шыдау мүмкін емес", - дейді көршісі Любовь Алипур.



Үйін зейнеткер жарып жібермек болған ауланың иесі болса аң-таң күйде. Ол көршілерінің бұл әрекеті қызғаныштан екеніне сенімді.

"Мен жұмыс істеп жүрмін ғой, қозғаламын, олар осының барлығын көреді. Білмеймін, мүмкін бұл қызғаныш болар. Барлығы үшін арнайы келісім алғанмын, әр малдың өз құқығы бар. Санитарлық эпидемиологтар бірнеше ай бұрын ауадағы аммиак мөлшерінің шамалы көбейгенін анықтағанын айтты. Ветеринарлар да айқын заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ", - дейді ферма иесі Аниль Сагитов.

Шымкент қаласы бойынша ветеринариялық инспекциясының бас маманы Елена Сатанованың сөзінше, шағын фермалардың жұмыс істеу ережелерінің жиынтығы әзірленбейінше, мұндай жанжалдар қайталана береді.

"Біз өз құзыретіміздегі нәрсені ұстанамыз. Бұл тірі малды күтіп-баптау, олардың таза болуы, арнайы базаның жұмыс істеуі, олардың паспорты болуы. Ал мамандар қосалқы шаруашылықтарда мал ұстаудың нақты стандарттарының жоқтығы ветеринарлық инспекторлар үшін үлкен мәселе екенін айтып шағымданады", - дейді Сатанова.

Талқылау