Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам көшенің ортасында әйелін соққыға жықты (видео)

Әлеуметтік желіде ер адамның Шымкент қаласы көшелерінің бірінде әйел азаматшаны балағаттап ұрып жатқан бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиғаға қатысты Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына "102" арнасына куәгерден хабарлама түскен.

Аталған жайт бойынша оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы жеткен. Тексеру кезінде отбасылық жағдайға байланысты ерлі-зайыпты ұрсысып қалып, күйеуінің оны ұрғаны анықталды.



Алайда әйел күйеуіне қатысты қояр ешқандай арыз-шағымы жоқ екенін айтқан.

Полиция қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, азаматшаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күйеуіне "қорғау нұсқамасы" берілді. Бұндай әрекет қайталанған жағдайда азамат әкімшілік қамауға алынады.

 

 

Талқылау