Шымкентте екі адам газдан уланып көз жұмды
Шымкент қаласында екі адам газға уланып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

24 ақпан күні сағат 7: 51-де Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының кезекшісінен алдын ала болжам бойынша, 1994 және 1992 жылы туған екі адам газдың иісінен уланып, көз жұмды деген хабар түскен.
"Шақырылған жерге келген авариялық бригада тексеру кезінде ас үйде екі конфоркалы газ плитасы мен "DUBAI" маркалы ағынды су жылытқышы орнатылғанын анықтады. Түтін шығаратын жалғағыш құбыр (гофра) ағынды су жылытқыштың қысқа құбырынан ажыратылған. Жазатайым оқиғаның себептері анықталуда", - деді "ҚазТрансГаз Аймақ" баспасөз қызметінде.
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз?": Қазақстан ата-аналары мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы болып жатыр
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді
"Үйден шығуға қорқамын": 17 жастағы қазақстандық қыздың жеке деректерін курстастары желіге таратып жіберген
Осы жағдайдан кейін оған бөтен адамдар жаза бастаған