Шымкентте ауруханадан қашып кеткен алаяқ іздестіріліп жатыр
Шымкент полицейлері ауруханадан қашып кеткен алаяқты іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Cурет Polisia.kz порталынан алынды
Полиция дерегінше, Шымкент қаласының 40 жастағы тұрғыны Феруза Корчиева азаматтарды алдап, 12,7 миллион теңге алған.
"Ол досының мүлкін кепілден босатуға уәде беріп, одан ірі көлемдегі ақшаны алып, содан кейін байланысын тоқтатқан.Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігімен аталған фактіні тіркеді. Қазір әйел қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүр", - деді полицейлер.
Бұған дейін ол денсаулығына байланысты жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, емдеу мекемесінен қашып кеткен.
Бөлім іздестіріліп жатқан әйелдің қайда екені туралы қандай да бір мәлімет білсе, 102, 8-7252-33-98-42, 8-702-757-79-57, 97-60-09 телефондарына хабарласуын сұрайды.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді