Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әуежай қызметкері Жаңа жыл қарсаңында жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Шымкентте әуежай қызметкері жоғалып кетті. Туыстары мен полиция алты күннен бері әйелді іздеп жатыр. Айсұлу Бақтиярованы үйінде күйеуі мен төрт баласы күтіп отыр.

Әйелге Жаңа жыл күні түнгі ауысымда жұмыс істеуге тура келді. Бірақ туыстарының айтуынша, ол мерекені отбасымен бірге атап өткісі келген. Алайда үйге келмепті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Айсұлудың телефоны өшірулі. Туыстары мен полиция алты күннен бері әйелді іздеп жатыр.

«Мен оның әріптестерімен, ауысым бастығымен сөйлестім. Олар Айсұлудың демалыс сұрағанын және Жаңа жылды қарсы алу үшін үйіне кететінін айтты. Содан кейін мен полицияға жүгіндім. 6 күн өтіп кетті. Бірақ нәтиже жоқ. Күн сайын олармен байланыстамын», - деді жоғалып кеткен әйелдің күйеуі Жорабек Бахтияров.

Ер адам әйелімен жанжалдаспағанын айтып сендірді. Полиция тергеуді бастады.

Шымкент әуежайында Айсұлу әуе жуғыш болып жұмыс істеді. Ол жоғалғаннан кейін әуе портында ресми тексеру жүргізілді. Сол түні Айсұлу жұмыс орнынан рұқсатсыз кеткен болып шықты. Қандай себептермен екені белгісіз.

«Оған үйге баруға тыйым салынды. Ол өздігінен кешкі сағат 11-де шыққанын видеодан көрдік. Біздің қызметкерлер оның нөміріне қоңырау шалды. Қоңырау барғанымен, ол телефонға жауап бермеді. Содан кейін телефоны өшіп қалды», - деді «Шымкент әуежайы» АҚ баспасөз хатшысы Мәди Уалиханов.

Талқылау