Шымкентте "Алатау" аллеясы ашылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қаратау ауданы "Орманшы" елдімекеніндегі бұрынғы құрылыс қалдықтары полигоны аумағы демалыс орнына айналды. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталған нысанды жуырда қала әкімі М.Әйтенов құрылыс сапасымен танысқан болатын.

Бүгін елдімекенде демалыс орнының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қаратау ауданы әкімі орынбасары А.Парманов, Қаратау ауданының ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Тұрғындар тарапынан бұл демалыс орнын "Алатау" деп атау ұсынылды. Елдімекен тұрғындары жылдар бойы қоқыс полигонының иісі мен түтінінен зардап шеккен кездерін еске алып, бүгінде бұл мәселе оң шешімін тапқанына қуанып отыр.
Демалыс орнының ауданы 4,48 гектарды құрайды. Онда балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары орналасқан. Сондай-ақ, жарықтандыру бағаналары, орындықтар, қоқыс урналары және әр түрлі пішінде кіші сәулет мүсіндері орнатылған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар