Шымкентте 400 миллион теңгеге мемлекеттік субсидия жымқырылған
Шымкент тұрғыны былтырдан бері асыл тұқымды ірі қара мал сатып аламын деп кәсіпорындарымен жалған мәмілелер жасап келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Пысықай субсидия алу үшін Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына жүгінген. Заңсыз әрекеттің нәтижесінде 400 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.
Айта кетейік, бұл қаражат мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға өнімділік пен сапаны арттыруға беріледі.
Алайда, бұл мемлекет қолдауын өз пайдасына қолдану дерегі Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті өкілдерінің тексерулері кезінде анықталды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан