Шымкентке 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды – Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент жұртшылығымен кездесуінде қалаға 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылғанын атап өтті.
Бұған қоса президент өз сөзінде:
- Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді;
- 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды;
- қала бюджеті 4 есе өсті;
- қаладағы өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артты;
- аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды;
- соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті, осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді;
- соңғы кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елді-мекен қосылды;
- инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыруға 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді;
- жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі;
- Шымкентте 5 жылдың ішінде 101 мектеп салу жоспарланған;
- қалада соңғы екі жылда 50 жекеменшік мектеп ашылды.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”