Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғындарына жер сілкінісі сезілді

Қырғызстанда болған жер сілкінісі Шымкент тұрғындарына сезілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

"Шымкент тұрғындары 19 маусым күні шамамен сағат 17.09-да жер сілкінісін сезінді", – деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 511 шақырым жерде орналасқан.


Алматы жалдамалы пәтерлер қаласына айналған: Экономист жер сілкінісі үй бағасына қалай әсер еткенін айтты


"Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің 101 және 112 телефондарына жер сілкінісі, зардап шеккендер және қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары, сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз", – деп мәлімдеді ТЖД.

Қазақстанның ұлттық деректер орталығының алдын ала мәліметі бойынша, Қырғызстанда 5,1 балл жер сілкінісі болған. 

Қырғызстанның әртүрлі аймақтарында жер сілкінісінің күші 3-тен 4,4 баллға дейін жеткен.

Еске салсақ, Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың алғашқы үш айында Алматыдан Қазақстанның басқа аймақтарына қанша адам көшкенін мәлімдеген.

Талқылау