Шымкент тұрғындары "Chia Tai Tianging Group" қаржы пирамидасына 83 миллион теңге құйған
Шымкент қаласында "Chia Tai Tianging Group" қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңге салған.
“Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды”, – деп мәлімдеді агенттік өкілдері.
Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертті.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"