Шымкентте лауазымды полиция басшысы ұсталды
Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы Мұхтар Бұхарбаевты ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін сағат 11.30-да сыйбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство Шымкент полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы М. Бұхарбаевты қамауға алды", - деп жазды адвокат Талғат Есімов.
2022 жылдың қаңтарында Бұхарбаевтың қоластындағы қызметкері бастығын қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптаған болатын. Соның ішінде оған қымбат киім сатып алуға мәжбүр етті деген болатын.
Ол ішкі істер министрлігіне баянат жазып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жариялаған. Содан кейін ақпан айында Бұхарбаев қызметінен шеттетілді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан