Шығыс Қазақстанның бас экологы 10 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаевтың ұсталғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ШҚО бойынша экология департаменті
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғатты қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаев пара алды деген күдікпен ұсталды.
“Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік шенеунікті 180 миллион теңге пара алуға келісіп, 10 миллион теңгесін алып жатқанда ұстаған”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақтөбеде колледж директоры студенттерден пара алды деген күдікпен ұсталған еді.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"