Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 жастағы қазақстандық футболшы ресми түрде "Барселонаның" ойыншысы атанды

Кәрім Меңдіханов
Фото: Әлеуметтік желіден

Кәрім Меңдіханов Испанияның Барселона клубымен келісімшартқа отырып, алдағы маусымда каталониялық ұжымның жасөспірімдер командасында өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

16 жастағы оң қапталдағы вингер бірнеше жыл бұрын отбасымен бірге Испанияға қоныс аударып, футболдағы дамуын сол елде жалғастырған.

Кәрім Меңдіханов 2022 жылы Испанияға көшкен. Өткен маусымда ол "Серданьола" клубында ойнап, кейін "Сан-Кугат" сапына ауысты. Жаңа командасында негізгі құрамнан орын алып, көшбасшылардың біріне айналған қазақстандық футболшы "Барселона" селекционерлерінің назарын аударды.

Кәрім Меңдіханов Орал қаласында дүниеге келген. Ол футболдағы алғашқы қадамын туған жерінде бастап, жеке бапкері Сергей Кондаковтың жетекшілігімен шеберлігін шыңдаған.

Футболшы оң қапталдағы вингер позициясында өнер көрсетеді. Оның басты артықшылықтары ретінде жоғары жылдамдығы, сенімді дриблингі, қарсыласын жеке-дара алдап өте білуі және әріптестеріне нәтижелі пас бере алуы аталады. Өткен маусымда ол өз лигасындағы үздік ассистенттердің қатарына енген.

Енді жас қазақстандық әлемдегі ең танымал футбол академияларының бірінде тәжірибесін жетілдіреді. "Барселонаның" жасөспірімдер құрамындағы өнері оның кәсіби футболдағы келесі белесіне жол ашуы мүмкін.

Еске салайық, бұған биыл сәуірде 15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіханов "Барселонамен" келісімшартқа отырған еді. Қазақстандық жас талантқа “Барселонадан” өзге де бірнеше клуб қызығушылық танытқан. 

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 16 Шілде, 2026 19:37