Нұрлан Әміровтің денсаулығына қатысты видео елді алаңдатып қойды

Желіде “Нұрлан мен Мұрат” дуэті арқылы көпшілікке танылған әнші Нұрлан Әміровтің қазіргі жағдайы бейнеленген видео тарады. Өнер иесінің денсаулығындағы өзгерісті көрген жұрт оған алаңдаушылық білдіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
TikTok желісінде жарияланған кадрлардан әншінің еркін қозғалуына арнайы медициналық құрылғы көмектесетіні байқалады. Денесіне бірнеше бөліктен тұратын аппарат тағылған Нұрлан Әміров оның аяғын қимылдатып, жүріп-тұруына мүмкіндік беретінін түсіндірген.
Әнші бұған дейін ота жасатқанын да жасырмады. Ол денесіндегі ота ізін көрсетіп, қазір арнайы құрылғысыз өздігінен қозғалу қиын екенін айтқан. Аппарат электр қуатымен жұмыс істейтіндіктен, жарық өшкен жағдайда жүріп-тұра алмай қалатынын да жеткізді.
“Мына жерде отадан қалған тыртық бар. Бұл аппарат болмаса, тіпті жарық сөніп қалса да жүре алмаймын”, – дейді ол видеода.
Қиын кезеңде өнер иесінің жанынан жары табылып, күнделікті күтім жасап жүр. Нұрлан Әміров өзіне қолдау көрсетіп, денсаулығына қарайласып отырған жұбайына ризашылығын білдірген.
Кезінде “Жұлдызым” әнімен елдің ықыласына бөленген әншінің бүгінгі жағдайы желі қолданушыларын бейжай қалдырмады. Көпшілік оған күш-қуат тілеп, денсаулығының жақсаруына тілектестік білдіріп жатыр.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Оқыңыз