Шығыс Қазақстанда алты жасар бала ойнап жүріп, бетон плиталарының арасына қысылып қалған
Тарбағатай аудан Ақсуат ауылында көшеде ойнап жүрген алты жасар бала бетон плиталардың арасына шығып кетіп, кептеліп қалған. Өрт сөндірушілер мен жергілікті тұрғындар дер кезінде көмекке жетіп, баланы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар алдымен плиталарды бөлшектеу үшін жүк тиегіш пен кран әкелмек болған. Бірақ бала қорқып, жылап тұрғандықтан ПЧ-18 автокөлігінің жүргізушісі Дархан Байғалиев пен "ДК жобаның" бригадирі Азамат Дүзеев еппен жақындап, қысылған баланы алып шықты.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері баланы тексеріп, оның ешқандай жарақат алмағанын анықтады.
Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға қырағы болуды ескертті. Себебі мұндай оқиғалар балалардың жалғыз қалып, қауіпті ойын орындарына баруынан туындайды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"