AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құдықтан 4 күн бойы шыға алмаған 6 жасар бала құтқарылғаннан кейін бірден көз жұмды

Ауғанстанның Забул провинциясында құдыққа құлап кеткен алты жасар бала қайтыс болды. Төрт күні бойы құдықтан шыға алмаған баланы жұма күні құтқарғанымен, ол бірнеше минуттан кейін қайтыс болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы BBC-дің орыс басылымы жазады.

ауган бала

Бала тереңдігі 25 метрдей құдыққа құлап кетіп, ішінде кептеліп тұрып қалған. Құтқару операциясы бірден басталған, құтқарушылар бала тұрып қалған жерге жету үшін жер астынан жол қаза бастаған.

Құтқару жұмыстары төрт күн жүргізіліп, алғашқы күндері бала әкесімен сөйлескен. Құтқарушылардың жұмыстарын түсірген жазбадан әкесі ұлының жағдайын сұрағанын естуге болады.

"Хайдар, менімен сөйлесіп тұр және жылама, біз сені құтқарып алу үшін барлығын жасап жатырмыз", – дейді ұлын тыныштандырғысы келген әкесі.



Ал ұлы әкесіне "Жарайды, мен сөйлеп тұрамын", – деп жауап береді.

Алайда бейсенбі күннен бастап баладан дыбыс болмай қалады. Құдыққа түсірілген камераның көмегімен баланың аяғымен құдықтың тар бөлігінде тұрып қалғанын, бірақ қолы мен денесінің үстіңгі бөлігін қозғалта алатынын көруге болады.

Жұма күні таңертең баланы жоғарыға алып шыққанда, ол әлі демалып жатқан. Баланы жылдам оттегі құрылғысына жалғап, медициналық тікұшаққа апара жатқан, бірақ ол бірнеше минуттан кейін жан тапсырады.

Бұл жағдайға ұқсас құтқару операциясы ақпан айының басында Мароккода жүргізілген, ол кезде Райян есімді бес жасар бала тереңдігі 32 метр, ені 45 сантиметрдей құрғақ құдыққа құлап кеткен. Баланы құтқару операциясы бірнеше күн жалғасты. Жұмысқа экскаваторлар тартылып, құтқарушылардың балаға жетуін жеңілдету үшін терең қазу жұмыстары жүргізілді. Операция барысы тасты жердің кесірінен қиын болды, құтқарушыларға топырақтың шөгіп кетпеуі үшін мұқият әрекет ету керек болды.

Райанды құтқару операциясын бүкіл әлемде бақылады. Бұл жағдай жаһандық БАҚ-тың назарын аударып, араб әлемін біріктірді. Оқиға орнына жиналған халық құтқарушыларға көмектесіп, бала үшін дұға етті.

Өкінішке орай бес жасар Райянды құтқару мүмкін болмады. Баланы жердің бетіне алып шыққанда ол қайтыс болып кеткен еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр