AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да алты жасар бала құдыққа құлап кетті

Батыс Қазақстан облысында алты жасар бала құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. 

"8 ақпанда сағат 13:38-де Теректі ауданы, Подстепное ауылы, Лесная көшесі, 40-үйде бір бала септикке құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар аулада ойнап жүрген 2015 жылы туған баланың құдыққа құлағанын анықтаған", - дейді ауысымының бас құтқарушысы Тимур Бегалиев.

Құтқарушылар әлі іске қосылмаған құрғақ септик оқпанында жатқан баланы алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Қазір бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, қабырғалық сүйектің сызықты сынуы диагнозы қойылды. Жағдайы ауыр деп бағалануда.

Оқиға орнына төрт құтқарушы мен 1 арнайы техника жұмылдырылған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр