Шығыс Қазақстан облысындағы ауылды су басып қалды
Шығыс Қазақстанда қатты жаңбырдың салдарынан Тарбағатай ауданындағы тұрғын үйлер суға батып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір Жаңаауыл ауылында ауа-райының салдары жойылуда. Түнде ауылға қатты нөсер түсті.
Синоптиктері сол күні шамамен 40 градус ыстықты ескерткен. Сондықтан, нөсер жаңбырды ешкім күтпеген. Үйлер суға 20 сантиметр батты.
Оқиға орнына құтқарушылар мен жергілікті шенеуніктер келді. Мотор сорғылары 3000 текше метрге жуық суды сорып алды. Су басқан үйлердің 20 тұрғыны туыстарының баспанасына эвакуацияланды.
"20 тұрғын үй су астында қалды. Қатты жауын-шашын салдарынан алты шаруашылық құрылыстары қирады. Қазіргі уақытта елді мекеннен су кетті. Бүгінгі күні осы төтенше жағдай нәтижесінде туындаған залалды анықтау үшін комиссия құрылды", - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық