Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушысы сыныптасының телефонымен мектепте бомба барын хабарлаған
Шығыс Қазақстан облысында жасөспірім полицияға хабарласып, мектепке бомба қойылғанын хабарлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абоненттік нөмірдің иесі 12 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Оның телефонынан сыныптасы қоңырау шалып, мектепте бомба барын хабарлаған.
“Қазіргі уақытта оқушыға қатысты материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді”, – делінген хабарламада.
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін дұрыс орындамаған ата-аналарға әкімшілік айыппұл салынады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде белгісіз біреу мектептерде жаппай атыс болатынын Telegram-арнасы арқылы хабарлаған еді. Ақпаратты ести сала полиция қызметкерлері білім ордаларын бақылауына алды. Ал балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдаған ата-аналар оларды мектептен алып кетті.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі