Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды
Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы аймақта карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шектеу шаралары 2021 жылғы 25 қаңтардан 7 ақпанға дейін Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында ұзартылады.
Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін Павлодар облысы тарапынан 2 санитариялық бекет орнатылуда.
"Ауыл", "Уба", Бақты", "Майқапшағай" өткізу пункттерінде (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмысы қамтамасыз етіледі.
Азаматтардың аумаққа кіруіне/шығуына халықтың тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ төмендегі санаттағы адамдарға рұқсат етіледі:
- медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар;
- карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болған адамдар;
- транзиттік жолаушылар және жүк тасымалдаушылар;
- вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдары;
Қаулы мәтінімен толық мына жерде танысуға болады.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”