AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шығынға шаш етектен баттық": Ақтөбеде газ сататын кәсіпкерлер наразылықтарын білдірді

Ақтөбеде сұйытылған газ сататын шағын бекет иелері шығынға батқандарын айтып шағымданды. Сөздерінше, қаңтардағы жағдайдан кейін үкімет газ бағасын мәжбүрлі түрде төмендеттірген. Алайда екі ортадағы баға айырмашылығын әлі ешкім өтеп бермеді дейді. Оның үстіне жергілікті шенеуніктер ақпан айына өңірге бөлінген газ көлемін тек ірі компанияларға ғана бөліп берген дейді кәсіпкерлер, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

автогаз

Кәсіпкерлер өз наразылықтарын тікелей облыс шенеуніктеріне жеткізуді жөн көріпті. Әкімдік алдына жиналған олар ақпан айына бөлінген сұйытылған газ қорын неліктен ірі 35 бекетке бөліп бергендерін түсіндіруді талап етті. 

"Газ Қытайдан немесе Ресейден келіп жатқан жоқ қой. Ол өзіміздің Ақтөбеден шығып жатқан газ. Сондықтан екі күннен кейін мен газсыз қаламын. Қазір осы жерде 38 газ құю бекетінің иелері. Барлығында газ жоқ. Ақпан айында газ ала алмадым. Барлығын ірі компанияларға бөліп берді. Ал олар бағаны көтеріп сатып отыр", - дейді кәсіпкер Алмагүл Еркетаева. 

Кәсіпкерлер үкіметтің мәжбүрлеу шаралары салдарынан тығырыққа тірелгенін айтады. Өткен желтоқсан айында сұйытылған газдың бір литрін биржадан 113 теңгеден сатып алған екен. Алайда үкімет бағаны литріне 50 теңгеге дейін түсіріп жіберген дейді. 
Кәсіпкерлердің сөздерінше, шығынды бюджет есебінен өтеуге уәде етілген. Бірақ әзірге олар ешқандай төлем алмаған. Ал әкімдіктегілер ақпан айында газсыз қалған кәсіпкерлердің мәселесін наурыз айында шешуге уәде берді. 

"Енді ақпан айының өтінішінің бәрі бітті. Мен сіздерге нәтижесін айттым. Біз наурызға дайындалып жатырмыз. Наурыз айында сіздердің тарапыңыздан реніш болмас үшін біз ережеге өзгерістер енгіземіз. Қабылданған жағдайда сіздермен ақылдасып, соған сәйкес жұмысты жалғастыратын боламыз", - деп мәлімдеді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы. 

Шенеунік автогаз құнын шектегенге дейін биржадан 113 теңгеден қор алып үлгерген кәсіпкерлерге екі ортадағы ақша айырмасыныың қашан қайтарылатыны туралы нақты айтпады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр