Қызылорда облысындағы Шиелі ауданындағы ірі компаниялар да "Таза Қазақстан" акциясына үлес қосты
Республика бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы қарқын алуда. Қызылорда облысының Шиелі ауданында да компаниялар акцияға үлесін қосты.

Аталған акцияның "Жасыл ел" апталығы аясында ағымдағы жылдың 26 сәуір күні Шиелі ауданындағы өндіріс орындары "Ру-6" ЖШС мен "Semizbai-U ЖШС-нің Иіркөл кеніші қызметкерлері өз мекеме аумағын абаттандырып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Бес аптаға жоспарланған тазалық науқанының әр бөлігінің өзіне тән атауы мен мақсаты бар.

Тазалық жұмыстарына 50 адам, 7 техника жұмылдырылып, 500 түп ағаш егілді. "Semizbai -U" ЖШС Иіркөл кенішінің директоры, аудандық мәслихат депутаты М.Салқынбаев акцияға қатысып, игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.

"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар