Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шчучинск": Астана-Бурабай тас жолында жол белгісі қате жазылған

Астана-Бурабай тас жолының бойындағы жол белгісінде "Щучинск" қаласының атауы қате жазылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы

Аталған мәселе желіде қызу талқыға түсті. Ағылшын тілінде қала атауы “Shchuchinsk” деп жазылған. Ол "Шчучинск" деп оқылады. Желі қолданушылары бұл қатеге түрлі пікірлерін білдірді. 



"Енді осының арқасында атауды өзгертуге болады", "Көңілді қала", "Бұл еліміздегі әдеттегі жағдай", – деп жазды олар.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы шұғыл әрекет етіп, келесі күні жаңадан орнатылған жол белгісінің суретін жариялады. Онда қаланың атауы ағылшын тілінде дұрыс көрсетілген.

Компания, қатенің сол күні түзетілгенін мәлімдеді. "ҚазАвтоЖол" пайдаланушыларға пікірлері үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Щучинск қаласындағы құны 19 миллиард теңгеге бағаланған гольф-клуб президенттің іс басқармасына берілгені туралы жазған едік. 

Талқылау