"Шеті көрінбейді": Қазақстан мен Ресей шекарасында ұзын-сонар кезек түзілген
Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасында бірнеше шақырымға созылған кезек түзілген. Тұрғындар кезекте 5-6, кейде 12 сағат тұру керегін айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

"Туыстарымыз 28 тамызда түнгі 03:00-де жолға шыққан, ал таңғы 09:00-де кезектің тек ортасына жеткен. Нәтижесінде Саратовқа кешкі 17:00-де жетті", – дейді Орал тұрғыны.
Кезек Ресейден Қазақстанға кіретін бағытта түзілген.
"Самараға 28 тамызда шықтық, кеден бекетіне 23:00-де жетіп, 29 тамызда 12:00-де өттік", – деп жазды куәгерлер әлеуметтік желіде.
Желі қолданушылары кезектің еңбек мигранттарына байланысты түзілуі мүмкін екен және оларға 1 қыркүйекке дейін миграциялық карта мерзімін ұзартуға уақыт бергенін жазды.
Басылым мәліметінше, шекарадағы кезек жыл сайын осындай уақытта байқалады. Себебі бірі оқуға барса, бірі елге қайтады екен.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі