Елімізге шетелден келген азаматтар карантинге жіберіледі
Шетелден келген қазақстандықтар мен ел аумағында тұруға ықтияхаты бар азаматтар ПТР-анықтамасы мен вакцинация паспорты болмаса, карантиндік стационарға оқшауланады. Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына осындай тармақ енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан азаматтары мен ел аумағында тұруға ықтияхаты бар адамдар анықтама және Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцина алғаны туралы құжаты болмаған кезде, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 3 тәулікке дейін оқшауланады", – делінген құжатта.
COVID-19-ға тест жасау үшін сынаманы медициналық-санитарлық алғашқы көмек маманы алады.
Құжат бойынша, COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар адамға COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіліп, тиісті қолхат алынады.
Ал вирус жұқтырғаны анықталған адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.
Аталмыш қаулы бүгін, яғни 15 шілде күні сағат 0:00-де күшіне енеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"