Шетелдегі қандастарға білім грантын көбірек бөлу ұсынылды
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов шетелдегі қандастарға көбірек грант бөлуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бізге қандастар үшін бөлінетін гранттардың санын арттыру керек. Себебі шеттегі қазақтарды отандық жоғары оқу орындарына тарта білсек, оларды елде қалдыру мүмкіндіктері де арта түседі", - деді Асылбек Қожахметов.
Ұлттық кеңес мүшесі білім және ғылым министрлігінің ЖОО-ларды автономияландыру жұмысын қолдайтынын айтты.
"ЖОО-ларға автономиялық мәртебе беру – олардың жауапкершілігін арттыра түседі. Оларға барлық құзірет берілуі керек", - деді ол.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”