Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелде лаңкестік топтар қатарында соғысуды жоспарлаған 90 қазақстандық азамат ұсталды

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан соң тілшілерге берген сұхбатында Ұлттық қауіпсіздің комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170404140439

Қазақстанда салафиттік жамағаттың 70 жетекшісі мен белсендісі  қоғамның құндылықтарын мойындай отырып, қоғам өміріне қайта оралды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан соң тілшілерге берген сұхбатында Ұлттық қауіпсіздің комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлімдеді.

«2016 жылы дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде еріп кеткендердің 32,1 процентіне қатысты алдын алу жұмыстары жүргізілді. Терроризмге және экстремизмге қарсы күрес мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 90,7 проценті қамтылды. Мақсатты жұмыстардың арқасында Қазақстанда салафиттік жамағаттың 70 жетекшісі мен белсендісі қазақстандық қоғамның құндылықтарына оң көзқарас танытып, қоғам өміріне қайта оралды», – дейді Нұрғали Білісбеков.

«Шетелде лаңкестік топтардың қатарында соғысуды жоспарлаған 91 қазақстандық ұсталды. Қазақстанға 81 студент елге қайтарылды. 177 адамға шетелдік теологиялық оқу орындарында оқу үшін елден кетуге тыйым салынды», – деп мәлім етті ҰҚК басшысының орынбасары.

Жіберіп алмаңыз:

Билік өкілдері үш тілде сөйлей алатын қазақстандықтардың санын айтты

Алматыда үшем туған әйел көмекке мұқтаж

Науқас қыз тексеру кезінде қыздығынан айырған дәрігерді сотқа берді

Талқылау