Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шетел агенті": Грузияда азаматтардың "ресейлік балама заңға" қарсы митингі бір аптадан бері жалғасып жатыр

Грузияның Тбилиси қаласында "шетел агенттері" туралы заңның қабылдануына қарсы шерулер әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Грузия митинг

Фото: RFI

Әлеуметтік желілерде өткен сенбіде мегаполис тұрғындарының Грузия президентінің резиденциясына қарай көшкені туралы кадрлар пайда болды. Онда олар Саломе Зурабишвилиге "шетел агенттері" туралы шулы заң жобасына вето қойғаны үшін алғыс білдірмек болды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Грузия азаматтары Ресейдің шетелдік агенттер туралы заңымен салыстыратын "Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы" заң жобасына наразы. Осы аптада наразылық білдірушілер парламент алдындағы Руставели даңғылындағы жолды жауып тастаған.



Шерулерді оппозициялық партиялар мен жастар ұйымдары өткізуде.

Шерушілер: "Ресей режиміне жол жоқ" ,"Жасасын Еуропалық Одақ", "Жасасын Грузия" деп ұрандап жатыр және билік партиясы аталған заң жобасын кері қайтарып алмайынша, наразылықтарын тоқтатпайтындарын мәлімдеді.

Бұған дейін Грузияда "шетелдік агенттер туралы" заңға қарсы наразылықта 14 адам ұсталғаны хабарланған.

Талқылау