Шерзат Полаттың отбасына меценат өз қаржысына үй салып бермек
Қазақстандық қоғам белсендісі Айтбек Амангелді Талғарда қайғылы жағдайда қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасына меценаттың қаражатына үй салынатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Айтбек Амангелдінің парақшасында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың отбасына арналған үй тек меценаттың қаражатына салынатыны айтылған. Айтбек Амангелді пікірлерде әртүрлі есепшоттар арқылы қаражат жинау туралы ақпарат таралып жатқандықтан, алаяқтық қаупі бар екенін ескерткен.
“Жиналған қаражатқа қатысты қосымша түсініктемелер:
- Қаржаубайдың отбасы үшін үй меценаттың қаражатына сатып алынады, ал Перизаттың жинаған ақшасы бұл мақсатқа жұмсалмайды.
- Біздің бұл жинаққа қатысымыз жоқ болғандықтан, оның реквизиттерін білмейміз.
- Қазіргі пікірлерде әртүрлі реквизиттер пайда болып, алаяқтық әрекеттерге жем болып қалмаңыздар. Реквизиттерді нақтылау үшін ақпартатты тікелей Перизатқа хабарласып алуға болады.
- Бұл жинақтың мақсаты бізге белгісіз.
Перизат ешқандай қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып саналмайды және ол біздің сенім білдірушіміз немесе қамқорлығымыздағы тұлға емес. Оның өз адвокаттары және қоғамдық қайраткерлері бар. Осы жинақты бізбен және Қаржаумен байланыстырмауларыңызды сұраймыз", – деп жазды Айтбек Амангелді.
Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Жергілікті билік отбасына уақытша баспана мен тәулік бойы күзет берді. Сондай-ақ әкімдік үйді қалпына келтіруге уәде берді.
Оқиғаларды тергеу кезінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов пен Алматы облысының прокуроры Берік Адамов 12 қазанда кінәлілерді анықтау бойынша шаралар туралы мәлімдеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Талғарға Ұлттық ұлан күштері жұмылдырылды.
9 желтоқсанда Талғардың шетінде Шерзат Полаттың жанында болып, қақтығыс кезінде қаза тапқан жасөспірімнің әкесінің жанында жүрген оның ағасының денесі табылғаны белгілі болды. Полиция мәліметінше, ер адам өзіне қол жұмсаған.