Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта адвокаттар прокурорды деректерді "бұрмалайды" деп айыптады

Фото: Жоғары сот
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында прокурор Ержан Құрақбаев жасөспірімді өлімге әкелген, ұрып-соғу сәттері түсіп қалған видеоны судьяға таныстырды. Алайда сотталушылардың адвокаттары прокурордың видеоға қатысты айтқандарын ұнатпай, бұрмалады деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокурор видеода Шыңғыс Белғожаевтың бірінші болып жәбірленушіні ұрғанын, кейін Шынасыл Ілиясовпен бірге Нұрқанат Ғайыпбаевқа тиіскенін айтты.
"Осы сәтте Белгожаев, Ілиясов, Шынасыл және келген Сәкиев – бесеуі Ғайыпбаевты шетке сүйреп апарды. Сол жерде Шынасыл мен Сакиевтің пышақ жарақатын салған", – деді прокурор.
Алайда адвокаттар прокурордың сөзіне қарсы шықты. Олар Құрақбаев бейнежазбадағы іс-әрекеттерді дұрыс түсіндірмегенін және қатысушылардың жеке басын нақтыламай отырғанын айтты.
Адвокаттардың наразылығына судья Ержан Жанұзақов жауап берді.
"Ескертулеріңіз қабылданды. Сараптаманы зерттеген кезде айтарларыңызды жеткізесіздер", — деді ол.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды