Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шерзат Полаттың өліміне қатысты куәгер мылтықтың қайдан пайда болғанын айтты

Фото: Stan.kz / Нұрқанат Ғайыпбаев, Эльмира Нұрбекова

28 сәуірде сотта Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша куәгер Эльмира Нұрбекова жауап берді. Ол қылмыс орнына айыпталушылармен бірге келген. Әйел көрген-білгені туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот отырысы барысында Эльмира Нұрбековаға бірнеше сұрақ қойылды. Соның ішінде қылмыс орнында қаруды кім әкелгеніне қатысты сұрақтар да болды.

"Дүкенде ешкімді ұстамадым. Қауіп төндірген соң сыртқа шықтым. Дүкеннің қасында көлік тұрған, сол жаққа бардым. Оны ұстамадым. Мылтықты сақалды, кепка киген адам әкелді", – деді әйел.

Сонымен қатар Нұрбекова мылтықты кім әкелгенін айтып берді.

– "Менің түсінгенім бойынша, бұл марқұм болған баланың ағасы болатын" деді Эльмира Нұрбекова.

– "Яғни, сіздің айтқаныңыз бойынша мылтықты Ғайыпбаев әкелді ме?" деп нақтылады қорғаушы.

– "Иә. Алдымен мен оны фотосуреттен таныдым. Кейін біз бір-бірімізді беттестіру кезінде көрдік" деді куәгер.


Шерзат Полаттың ісі бойынша куәгер Нұрбекова сотта берген куәлігін өзгертті: Прокурор оның жауаптарынан қайшылықтар тапты


"Жедел жәрдем шақыруға қорықтым": Сотта екі куәгер қыздың бірі жауап берді


Еске салайық, 2024 жылдың 4 қазанына қараған түні Талғар қаласында топтық төбелес болып, оның салдарынан 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оқиға куәгерлері атыс дыбыстарын естігендерін айтқан еді. Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың қаза болуына қатысты іс бойынша сот жалғасып жатқанын жаздық. Бүгінгі сот отырысына марқұмның ата-анасы келмегенінде хабарладық.  

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 28 Сәуір, 2025 14:29
Талқылау