Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шерзат өліміне қатысты сот: Прокурор айыпталушыларға 1,5 жылдан 23 жылға дейін жаза тағайындауды сұрады

Фото: Видеодан скрин

Шерзат Болаттың қазасына қатысты сот отырысында прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларға жаза сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша айып тағылғандарға прокурор тарапынан келесі мерзімдер сұралды:

Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша 23 жыл бас бостандығынан айыру;

Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жыл бас бостандығынан айыру;

Шыңғыс Белгожаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дархан Аскентай – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Нұрқияс Ілясов – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 9 жыл;

Нұрбол Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Азамат Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша қосымша саралау мүмкіндігімен 15 жыл;

Дидар Қалиахмет – Қылмыстық кодекстің  293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дидар Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) – Қылмыстық кодекстің 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Шынасыл Абзалдан Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсіміне кеткен шығын өтемі ретінде 2 миллион 794 мың теңге мөлшерінде соманы өндіруді сұраймыз. Екінші Шынасыл Абзал және Равиль Сәкеевтен ортақтастырып, үлестік нормада Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықтың моралдық зиянының өтеуі ретінде 100 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді, яғни екі адамға шаққанда (50 миллион теңге деп есептеп отырмыз) сұраймыз. Үшінші, Шынасыл Абзал мен Сәкиев Равиль ортақтасқан үлестік түрде Бишімбиева Гүлбара қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зиянының өтеуі ретінде 100 миллион теңге өтемақы өндіруді, төртінші Шынасыл Абзал және Сәкиев Равилден ортақтасқан үлестік нормада Жұмабике Қадырованың қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зиянының өтеуі ретінде 100 миллион теңге өтемақы өндіруді сұрады.

Сондай-ақ Белғожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаева Нұрбол, Қалиахмет Дидар ортақтасқан үлестік түрде Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына, әрқайсысынан 20 миллионан, жалпы сомасы 120 миллион теңге мөлшерінде;

Осы адамдар Бишімбиева Гүлбараға қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зиянының өтеуі ретінде әрқайсысынан 20 миллионнан, жалпы сомасы 120 миллион теңге мөлшерінде;

Осы адамдар Жұмабике Қадырованың қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зиянының өтеуі ретінде әрқайсысынан 20 миллионнан, жалпы сомасы 120 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді сұрады. Сонымен қатар қосымша жерлеу рәсіміне кеткен шығындардың түбіртектері тіркелді. Жаназаның шығыны психолог есептеулерімен жасалғанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта жарыссөз басталғаны туралы хабарлаған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Дүйсенбі, 02 Маусым, 2025 11:28
Талқылау