Қазақстанда ипотека рәсімдеу қиындайды: Кей азаматтар несие ала алмауы мүмкін

Мәжіліс кулуарында Қазақстанда ипотека кімдерге берілетінін, ал кімдерге мақұлданбауы мүмкін екені айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова түсіндірді.
“Бұл мәселе тәуекелдерді басқару жүйесі тұрғысынан қаралады. Демек осы қаулы аясында нақты бір сандық шектеу белгіленбейді. Бұл – тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы жүзеге асатын тетік. Банктер қарыз алушының тәуекел бейінін, табыс деңгейін бағалап, соған қарай шешім қабылдауға тиіс”, – деді Әбілқасымова.
ОқыңызОның айтуынша, Қазақстанда ипотека бойынша дефолт деңгейі төмен болғанымен, мұндай шаралар бәрібір қажет.
“2020 жылдан кейін ипотекалық мөлшерлемелер өскен кезеңде алынған несиелер бар. Сол қарыздарды алған азаматтардың белгілі бір бөлігі төлем мерзімін кешіктіріп жатыр. Осы динамиканы бақылап, дефолт көрсеткішінің өсіп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан банктерге мерзімі өткен төлем қаупі жоғары қарыз алушыларға несие бермеу міндеті нақты жүктеледі”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін 1 шілдеден бастап Қазақстанда ипотека рәсімдеу қиындайтыны туралы жазған едік.
“Қазақ тілінің арқасында кәріс тілін үйрендім”: Желіде қазақша сөйлеген кәріс азаматы жұрттың ықыласына бөленді