Шымкенттің туристік әлеуетін дамытуда жаңа инновациялық тәсілдер қажет – Аида Балаева
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапарыаясында шаһардың туристік әлеуетін саралап, қоғамдық кеңістіктердің даму барысымен танысты.
Сапар барысында премьер-министрдің орынбасары Шымкент цитаделіне барып, музей экспозицияларын аралады және тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңызын атап өтті.
Сондай-ақ этноауылда болып, мұндайнысандарды архаикаға бой алдырмай, заманауи, креативті әрі инновациялық форматта дамыту қажет екенін айтты.
Қалалық мәдениет, гастрономия және креативті индустрия салаларындағы бірқатар жоба таныстырылған Арбат жаяу жүргіншілер аллеясының әлеуетімен танысты. Іс-шара барысында Аида Балаева осы аумақта бос жұмыс орындары жөніндегі өзекті ақпарат пен жастарға арналған маусымдық кәсіптік бағдарберу материалдары ұсынылатын жұмыспен қамту орталығын орналастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Бұдан бөлек креативті ортаны дамытуға, жас таланттарды қолдауға және мәдени мұрамен инновациялық тәсілдер үндескен заманауи қалалық инфрақұрылымдықалыптастыруға ерекше назар аударылды.